Атырау облысы Білім беру басқармасы Махамбет ауданы білім бөлімінің "Бүлдіршін" бөбекжай бақшасының жанынан ата-аналарға көмек беру консультативтік бөлімі өз жұмысын жүргізуде.
Консультациялық пунктің тізімінде тұрған Сарайшық ауылының тұрғыны Жуматаева Ақерке ,мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын баласы Батырбекұлы Ибраһимді "Бүлдіршін"бөбекжай-бақшасына алып келді. Бақшамыздың психологі Хайруллина А.Т. кеңес өткізді. Кеңес тақырыбы: "Дені сау баланы қалай өсіреміз?" Мақсаты: Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Міндетті: Ерте жастағы балалардың психоәлеуметтік дамуын бағалау және кеңес беру мәселелері бойынша оқыту. Балалар денсаулығын қорғау бойынша алдын ала іс-шаралар жүргізу.













