Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Бейбарыс селосы «Балдырған» бөбекжайы ғимараты типтік жобада салынған. Жалпы ауданы – 1073,6 шаршы метр. 1989 жылы коммуналдық қазыналық Мемлекеттік кәсіпорын болып Махамбет ауданы әкімінің 1999 жылғы 1 наурыздағы № 980 шешімі бойынша жұмыс жасайды. Сыйымдылығы-140орын. Бөбекжай-балабақшаның меншік иесі құқығына иелік ететін құжаты бар.Тұрақты жер пайдалану актісі бар, жер учаскесінің кадастрлық № 04-065-012-032. Жер учаскесінің алаңы: 1073.6 га.
«Балдырған» бөбекжайының материалдық - техникалық және медициналық, әлеуметтік жағдайы балалардың өмірін қорғау және денсаулығының нығайтуды, интеллектуалдық дамытуды, эмоционалдық жағдайын жақсартуды қамтамасыз етеді.
Бөбекжайда меңгеруші мен лицензияланған медкабинет және 6 топқа арналған бөлмелері бар. Топтар мен кабинеттер талапқа сай жиһаз, көрнекі, оқу - әдістемелік құралдармен жабдықталған.












