Кеңес беру пункт

Атырау облысы Білім беру басқармасы Махамбет ауданы білім бөлімінің  "Балдырған" бөбекжай бақшасының жанынан ата - аналарға көмек беру консультативтік бөлімі өз жұмысын жүргізуде.

Консультациялық пунктің жоспарына сәйкес мектепке дейінгі кезең баланың танымдық,психомоторлық, әлеуметтік, жеке тұлға болып жедел даму кезеңі.Бақшамыздың психологі Егизбай Жанаргул Еділқызы кеңес өткізді. Кеңес тақырыбы: "Балада жағымды өзін - өзі бағалауының қалыптастыру бойынша ата - аналарға кеңес беру" Мақсаты: Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Міндетті: Ерте  жастағы балалардың психоәлеуметтік дамуын бағалау және кеңес беру мәселелері бойынша оқыту. Балалар денсаулығын қорғау бойынша алдын ала іс-шаралар жүргізу.


Буллинг

«Алтын балық» бөбекжай - бақшасында консультациялық кеңес пунктінің ата - аналармен «Буллинг» тақырыбына байланысты кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Кеңес беру жұмысының бағыты: Интеллектуалды тәрбие,ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.
Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту.
Балалар арасындағы қорлау, мазақтау,намысқа тию жағдайларын алдын алу. Балалар арасында сыйластыққа ,бір - біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.


Кеңес жұмысы 2024 ж

«Атырау облысы білім беру басқармасының Махамбет ауданы білім бөлімінің "Райхан гүлі" бөбекжай - бақшасы ата - аналарға арналған кеңес беру пунктінің жұмыс жоспары бойынша диагностикалық жұмыс жасалды.

Мақсаты: Диагностикалық көмек беру – баланы психологиялық - педагогикалық зерделеу, бала тұлғасының жеке ерекшеліктері мен бейімділігін, оның әлеуметті мүмкіндіктерін айқындау, сонымен қатар дамуындағы, әлеуметтік бейімделудегі бұзушылықтардың себептері мен тетіктерін анықтау, баланы одан әрі дамыту және тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі баланың тамаша сезімінің дамуын тек қана дыбыс үндестігін дұрыс айтуды пайдалана білуімен шектестіріп қоймай, ол өзінің тілін, оның әрі бейнелі түрде мәнерлеп оқуға немесе мәнерлеп сөйлеуге үйретіп, тырысуында.

Сөйлеу тілі – ауызша тілдің ең қарапайым түрі. Ол жағдайлық, эмоциялық сипатқа ие әрі қарапайым болып келеді, өйткені арнайы дайындықты қажет етпейді. Байланыстыра сөйлеуге үйрету эстетикалық тәрбиеге де әсер етеді: әдеби шығармаларды қайта әңгімелеп айту, балалардың дербес шығармалары тілдің бейнелігі мен мәнерлілігін дамытады, балалардың көркем - сөйлеу тәжірибесін байытады. Өз тілінің даму барысында балалардың тілі олардың әрекет және қарым - қатынас сипатымен байланысты. Мектепке дейінгі жастың соңына қарай тәрбиенің белгілі бір жағдайында бала тілді пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар оның құрылысын түсіне бастайды, мұның өзі кейіннен сауат ашуды меңгеруде ерекше маңызға ие.

Бөбекжай - бақша психологі Аққалиқызы Алтынгүл ата-анамен балалармен жеке жұмыстар ұйымдастырды.

 


Консультативный пунк

Атырау облысы Білім беру басқармасы Махамбет ауданы білім бөлімінің  "Бүлдіршін" бөбекжай бақшасының жанынан ата-аналарға көмек беру консультативтік бөлімі өз жұмысын жүргізуде.

Консультациялық пунктің тізімінде тұрған Сарайшық ауылының тұрғыны Жуматаева Ақерке ,мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын баласы Батырбекұлы Ибраһимді "Бүлдіршін"бөбекжай-бақшасына алып келді. Бақшамыздың психологі Хайруллина А.Т. кеңес өткізді. Кеңес тақырыбы: "Дені сау баланы қалай өсіреміз?" Мақсаты: Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Міндетті: Ерте жастағы балалардың психоәлеуметтік дамуын бағалау және кеңес беру мәселелері бойынша оқыту. Балалар денсаулығын қорғау бойынша алдын ала іс-шаралар жүргізу.

 


Атауы Жүктеу
1  Консультациялық жұмыстың мазмұны