Махамбет ауданы  "Балдырған " бөбекжайы

 

 

Мекеменің толық атауы (орысша және қазақша) «Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Бейбарыс ауылының «Балдырған» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

 

Коммунальное государственное казенное предприятие  «Ясли-сад   


«Балдырған» села Бейбарыс» государственного учреждения «Аппарат акима Бейбарыского  сельского округа»

 

«Балдырған» бөбекжай-балабақшасында  18 педагог қызметкер жұмыс жасайды.

 

Мектепке дейінгі педагог-қызметкерлердің  штаттық кестесі  ҚР Үкіметінің 2008 жылғы  30 қаңтардағы № 77  қаулысымен бекітілген  мектепке дейінгі  ұйымдардың  үлгі штаттық  кестесіне  сәйкес  жасалған   және аудандық  білім бөлімі тарапынан бекітілген.«Балдырған» бөбекжайында  кадрлар тұрақты.

 

Жоғары білімі бар-15, педагог (84,2%),

 

соның ішінде мектепке дейінгі білімі бар-15 педагог(7%).

 

3 -арнаулы орта мектепке дейінгі тәрбие (5,7%).

 

І санатты педагогтар саны -3

 

ІІ санатты-14.

 

Оқу-тәрбие процесі Мемлекеттік стандартқа және базистік оқу жоспарының талаптарына сай ұйымдастырылады, оқу жүктемесінің максималды көлеміне және талаптарына жауап береді.«Балдырған» бөбекжай   ұжымы өз қызметін инновациялық жаңа бағыттағы технологиялар бойынша жүзеге асырады.


Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы бойынша оқу қызметтерін жүргізеді.


Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу балабақша мен отбасы арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты. Педагогикалық ұжым өзінің оқыту мен тәрбиелеу жұмысын отбасымен тығыз қарым-қатынас жасау негізінде құрады Бөбекжай жергілікті мекемелермен, Бейбарыс орта мектебі,мәдениет үйі,жанұялық дәрігерлік амбулаториясы,мен  сабақтастықта теңдік пен қатынас қағидалары жатыр.