Бөбекжайда күз мерекесіне орай шаралар ұйымдастырылып,әр топта ертеңгілік болып өтті.Ортаңғы тобында «Аяулы алтын күз» атты мерекелік шара,1-кіші тобында «Күз береке бастауы!», 2-кіші топ «Жайдарлы күз,жарқын күз» атты мерекелік шара , ерте жас тобында ата-аналармен «Алтын күз әсем айналам,Еліме береке сыйлаған» атты сайыс болып өтті, 1-кіші тобында ата-аналармен «Күз жомарт» атты мерекелі сайыс өтті. Ата-аналар күзге арнаған қолөнерлерін де сыйға тартты.
Бөбекжай тәрбиеленушілері мен педагог қызметкерлері аудан көлеміндегі байқаулардан,сайыстардан жүлделі орындар алып жүр. Айгөлек балалар шығармашылығы фестивалінде «вокал» номинациясы бойынша Асылзат ІI орынды жеңіп алса,би номинациясы бойынша Алғыс хатпен марапатталды















