Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылы «Балдырған» бөбекжайы

   №2  «Сәйгүлік» ересек тобы                    тәрбиеші: Бегімбаева Б

Қыркүйек айының 2 жұлдызында бөбекжай әдіскері Г.Орынбасарованың тапсырмасы бойынша «Сәйгүлік» тобында ұстаздар мерекесіне орай ашық оқу қызметі ұйымдастырылды.

Тақырыбы: «Ұстаз – ұлы тұлға!»

Мақсаты: балаларға ұстаздар мерекесі туралы түсіндіру,ұстаздың атқаратын қызметі мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Балалар шаттық шеңберге жиналып келген тәрбиеші ұстаздармен сәлемдесіп амандасты.Сиқырлы тақта арқылы жыл мезгілін еске түсірді.Топ тәрбиешісі тақырыпқа байланысты «ұстаз» есімін түсіндіріп өтті.Әрі қарай балалар ұстазға арнаған тақпақтарын айтты

 

 

Ұйымдастыру оқу қызметі жапсыру  шығармашылық саласы бойынша жалғасты Онда топ бүлдіршіндері тәрбиеші апайларына арнап гүлді қағаз бетіне желім арқылы жабыстырып және апайларға табыстады.