«Құлыншақ» ортаңғы тобында «Шынықсаң шымыр боларсың» атты эстафеталық сайыс өтті.Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Балалардың спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулығын нығайту,спортқа деген қызығушылықтарын арттыру,дене қозғалыстарын жетілдіру.

        Балалар спорттық жарыста шапшаңдықтарымен ептіліктерімен көзге түсті.Жеңіліс пен жеңістің не екенін сезіне білді.Жеңген команда 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

 

18 маусым 2023ж күні «Сылдырмақ» кіші тобында  «Кім жылдам » атты спорттық сайыс өтті.Топ бүлдіршіндері екі топқа «Қызыл» және «Ақ» түстер болып бөлінді.Мақсаты: Балаларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге,ұжымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру.

    «Күншуақ» ересек тобы. Жазғы сауықтыру жоспары бойынша «Әлем балалар көзімен»  Мақсаты: Асфальтта сурет салу. Бояулар үйлесімділігін табу.Ұқыпты бояуға үйрету.Әр баланың шығармашылық дағдысын байқау,креативті ойларын бөлісу.

 

 

«Кітапханаға саяхат»  Мақсаты: Ауыл кітапханасына саяхат жасау. Кітаптың берер пайдасы туралы түсіндіру.Суреттерді әңгімелей отырып,коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.Саяхаттан алған әсерлерімен бөлісу.

Балалар кітапты ұстау арқылы өздерінің сезімдерін білдірді.Әр кітапқа қызығушылықпен қарады.

 

 

Сонымен қатар «Күншуақ» тобында 19.07.2023  күні  «Туған күнің құтты болсын,балақай» атты мерекелік шара өтті. Шараның негізгі мақсаты: балалардың мереке туралы ұғымдарын  кеңейту. Туған күнді мереке ретінде көтеріңкі көңіл сыйлай білуге үйрету, жақсы тілектер айту дағдысын дамыту Балалар жақсы көңіл күйде болды.