«Атырау облысы білім беру басқармасының Махамбет ауданы білім бөлімінің "Райхан гүлі" бөбекжай - бақшасы ата - аналарға арналған кеңес беру пунктінің жұмыс жоспары бойынша диагностикалық жұмыс жасалды.
Мақсаты: Диагностикалық көмек беру – баланы психологиялық - педагогикалық зерделеу, бала тұлғасының жеке ерекшеліктері мен бейімділігін, оның әлеуметті мүмкіндіктерін айқындау, сонымен қатар дамуындағы, әлеуметтік бейімделудегі бұзушылықтардың себептері мен тетіктерін анықтау, баланы одан әрі дамыту және тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі баланың тамаша сезімінің дамуын тек қана дыбыс үндестігін дұрыс айтуды пайдалана білуімен шектестіріп қоймай, ол өзінің тілін, оның әрі бейнелі түрде мәнерлеп оқуға немесе мәнерлеп сөйлеуге үйретіп, тырысуында.
Сөйлеу тілі – ауызша тілдің ең қарапайым түрі. Ол жағдайлық, эмоциялық сипатқа ие әрі қарапайым болып келеді, өйткені арнайы дайындықты қажет етпейді. Байланыстыра сөйлеуге үйрету эстетикалық тәрбиеге де әсер етеді: әдеби шығармаларды қайта әңгімелеп айту, балалардың дербес шығармалары тілдің бейнелігі мен мәнерлілігін дамытады, балалардың көркем - сөйлеу тәжірибесін байытады. Өз тілінің даму барысында балалардың тілі олардың әрекет және қарым - қатынас сипатымен байланысты. Мектепке дейінгі жастың соңына қарай тәрбиенің белгілі бір жағдайында бала тілді пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар оның құрылысын түсіне бастайды, мұның өзі кейіннен сауат ашуды меңгеруде ерекше маңызға ие.
Бөбекжай - бақша психологі Аққалиқызы Алтынгүл ата-анамен балалармен жеке жұмыстар ұйымдастырды.
https://baldyrgan.testim.kz/kz/ata-analar-turaly-zhalpy-m-limet/124-ke-es-zh-mysy-2024-zh.html#sigFreeIdf9c5fc7d99












