2019 жылдың мамыр айында «Бағдаршам біздің досымыз» атты ойын-сауық іс-шарасы өтті. Іс-шараға полиция қызметкері қатысуымен болды. Балалар бағдаршам туралы тусінік алды.

                            

 

2019 жылдың қараша айында «Аяулы күз- Алтын күз» атты іс-шара ересектер тобында  болып өтті.Жыл мезгілдері мен күз мезгілі  таныстыру, ерекшеліктерімен танысты.

                    

         

2019 жылдың 28 қарашасында  ашық ұйымдастырылған оқу қызметі тақырыбы  «Доп» іс-шарасы өтті.Б.Бегімбаеваның жүргізілуімен  өткізілген оқу қызметі.

    

 

2019 жылдың 1 желтоқсан Тұнғыш елбасы күніне  тақырыбы «Елін сүйген- Елбасы» атты ашық оқу қызметі өтті. Рәміздермен таныстыру. Президентіміздің  ұстанымы мен өмір жолын үлгі етіп балалардың ой  өрісін дамыту.

   

 

2020 жылды қарсы алу Жаңа жыл қарсаңында «Қош келдің Жаңа жыл» атты мерекелік ертеңгілік  бөбекжайдың 6 тобында өтті.Балаларды жасыл шыршамен таныстырып, жаңа ән айтқызу арқылы мерекелік көңіл- күй сыйлау.Балалар жасыл шыршадан шеңбер болып айналып жүріп, еркін би билеп ән айтты.

    

 

2020 жылдың 14 қаңтар айында ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тақырыбы «Түлкі мен қоян» ертегісі өтті.Кіші топтың балаларына ертегіні тыңдауға, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін келтіре отырып, қимылдарын көсетуге баулу, балалар қимыл-қозғалыспен аңдардың іс-әрекетін көрсетті.

    

 

2020 жыл қаңтардың 24 інде «Қыс қызығы» атты ойын-сауық шарасы өтті.

Мақсаты: Балалардың денсаулықтарын нығайту, шынықтыру, салауатты өмір сүруге қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, төзімділікке тәрбиелеу. Көтеріңкі, қызықты көңіл орнату.

   

  

2020 жылдың 20 қаңтарында ересек топтар арасында спорттық интелектуальдық эстафеталық жарыс өтті.Тақырыбы «Болашаққа – білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеу»

Мақсаты:Өсіп кележатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдық іскерлігін жақсартуға тырысу.Балаларды дұрыс және нақты орындай білуге үйрету.   

   

 

2020 жылдың ақпан айында «Таза қол – таза баланың досы» атты ойын-сауық шарасы Медбикенің қатысуымен  өтті.

Мақсаты:Балалардың жеке басының гигиенасы, тазалық,денсаулық ұғымдарын кеңейту. Мәдени гигиеналық дағдылардың маңыздылығы туралы білімдерін бекіту.Тазалық құралдары туралы айта білуге, оларды пайдалана білуге үйрету.

    

 

2020 жылдың 2 наурызында Алғыс айту күніне орай «Бірлігіміз жарасқан» атты тәрбиелік шара өтті.

Мақсаты: Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру. Үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту. Әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Шараға қатысушылар: Бас аспаз Ж.Жиенкулова, есепші Н.Ибраева

 

   

 

2020 жыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Ұлы халықтың – ұлы Абай» іс-шара кеші өтті. Шараға топ тәрбиешілері мен бүлдіршіндердің қатысуымен болды.

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. 

    

 

2020 жылдың 3-6 наурыз аралығында 8 – наурыз халықаралық аналар күніне орай әр топта «Ана өмір шырағы» атты мерекелік ертеңгілік өтті.

Мақсаты: Балаларға 8 – наурыз халықаралық мейрамы екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу. Өнерге деген қызығушылығын ояту және сөздік қорларын байыту.

   

  

2020 жыл 6 наурызда 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне тәрбиешілер арасында мерекелік сайыс өтті. Тәрбиешілерді «Қызғалдақ», «Бәйшешек» атты екі топқа бөлу арқылы жарыс ұйымдастырылды.Сайысты жоғары деңгейде өткізіп, салт-дәстүрді толық дәріптегенді, ізеттілікті, шеберлікті, сұлулықты, тәрбиешілер арасындағы татулық пен достықты көре білдік.